Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекӨнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мемлекеттік азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Келушілер қатарында Астана, Шымкент, Павлодар, Екібастұз, Алматы, Талдықорған және Ақтау қалаларының тұрғындары бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, кездесу барысында қатысушылар мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтамасыз ету, апатты үйлерден көшіру, нөсер су жүйесін салу және жылумен жабдықтау желілері мен су тарту жүйелеріне қосу мәселелері бойынша жүгінді. Сондай-ақ қабылдау кезінде «Нақтылы тауарлардың бақылау тізбесін бекіту туралы» бұйрық аясында тұрғын үй иелерінің коммуналдық қызметтерді жеткізушілер алдындағы берешегі, экспорт мәселелері жөнінде айтылды.
Өз кезегінде министр қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап беріп, қатысушыларға белсенді ұстанымдары үшін алғысын білдірді.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес