Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӨнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы нысандарын аралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында құрылысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған.
Ағымдағы мәлімет бойынша, Қаратөбе ауданында 97 үйге зақым келсе, оның 90 үйі тұруға жарамсыз. 7 үй жөндеуді қажет етеді. Құрылыс сатысында 90 үй, 72 – жаңа алаңда, 18 – бұрынғы телімдерде.
Ал Сырым ауданында 257 үйге зақым келген. Оның 114-і тұруға жарамсыз, 149-ы жөндеуді қажет етеді. 114 үй құрылыс сатысында, оның 51-і – жаңа телімдерде, 63-і – бұрынғы телімдерде.
Теректі ауданында 45 үй зақымданған, 23-і – жарамсыз, 21-і – жөндеуді қажет етеді, 1-і сатып алынған. Жаңа алаңдарда құрылыс сатысындағы 18 үй бар.
Нысандарды тексеру барысында министр алаңдарды құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары