6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПремьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ол облыс әкімі және Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерімен бірге «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын тікұшақпен бақылап, өрттен зардап шеккен алқаптарға әуеден мониторинг жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері облыс аумағында 1 орман өрті, 1 дала өрті және 66 құрғақ шөптің жану фактісі тіркелген.
Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 170 адамнан тұратын 38 мобильдік топ құрылған. «Семей орманы» резерватымен бірлесіп, елдімекендердің жанында орналасқан орман алқаптарын қорғау үшін механикаландырылған күзеттер орналастырылады. Өрт ошақтарын ерте анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-мен өзара іс-қимыл шеңберінде термиялық нүктелердің космомониторингі қамтамасыз етілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі