13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызВице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб меңгерушісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Орал мен Жайық өзенінің арнасының Ресей шекарасына дейінгі аралығын тікұшақпен қарап шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 сәуірде Жайық өзеніндегі Орал гидрологиялық бекетінде су деңгейі 743 см-ге дейін көтерілді, қауіпті деңгей 850 см құрады. Облыстың ішкі өзендерінің көпшілігінде су тасқыны шарықтау шегіне жетті.
17 сәуірде Январцево ауылының су қоймасы арқылы Ресей Федерациясынан келетін судың салдарынан Жайық өзенінде су тасқынның шарықтау шегі басталады деп күтіледі. 20-21 сәуірде Оралға су келеді деп болжануда. Осыған байланысты, Қанат Бозымбаев су тасқынына дайындалу үшін БҚО-ға қосымша 750 бірлік техника тартуды тапсырды, оның 100-і Жайық өзенінің жоғары ағысы бойынша елді мекендер үшін, 500-і Орал үшін және 150-і өзеннің төмен ағысы үшін. Бұдан басқа, елді мекендердің айналасындағы бөгеттер мен бөгет құрылыстарын нығайтуды тапсырды.
Қазір құтқару жұмыстарына 6533 адам жұмылдырылды. 915 бірлік техника, 21 су айдау құралы, 32 жүзу құралы, 5 әуе кемесі тартылды.
Жұмыс сапары барысында Қанат Бозымбаев өзен суы жайылған жерге орналасқан және су басу қаупі бар елді мекендерде: Январцево, Жарсуат ауылдары, Бөрлі ауданында қорғаныс құрылыстары мен бөгеттер салу жұмыстарын тексерді.
Сондай-ақ вице-премьер штаб отырыстарын өткізді, ЦДИАӨМ, Қазгидромет, Су ресурстары және ирригация министрлігі, ТЖМ мамандарының және тәуелсіз сарапшылардың есептері мен болжамдарын тыңдады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды