Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекВице-премьер Жылыой, Махамбет аудандарында, Құлсары, Атырау қалаларында болып, елді мекендерді үлкен судан қорғау жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жылыой ауданында Қамыскөл көлінің жағалауы нығайтылуда. Жем өзенінің арнасы 23 шақырым және Құрсай каналы 35 шақырым тереңдетілген. Нысандарға 100-ден астам техника жұмылдырылды.
Құлсары қаласында Қанат Бозымбаев тұрғындармен кездесіп, су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған тұрғын үйдің сапасын тексерді.
Махамбет ауданында Жайық өзенінің бойындағы жағалауды нығайту жұмыстарын тексерді. Махамбет ауылында 4,5 шақырымға созылған жағалау нығайтылып, Махамбет және Сарытоғай ауылдары арасындағы көпір құрылысы аяқталды. Ауыл ішіндегі жол жөнделуде.
Атырауда қала маңындағы Талғайран, Ақжар және Еркінқала ауылдарында қорғаныс бөгеттері салынуда. Алмалы ауылында «Сарыөзек» каналының бойындағы 5,6 шақырым бөгеттер нығайтылып, Жайық өзенінің бойында ұзындығы 2,5 шақырым жаңа жағалау бекіткіштері салынып жатыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?