Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКейбір маусымдық жидектер жүрек-қан тамыр жүйесіне пайдалы. Бұл туралы «РИА Новости» сайтына берген сұхбатында терапевт-дәрігер, диетолог Галина Волкова айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның сөзіне қарағанда, қан тамырларын нығайтатын жидек түрлері бар.
Бүлдірген (ежевика) осындай қасиетке ие. Бұл жидек С дәруменіне және антиоксиданттарға бай, сондықтан қан тамырлары үшін пайдалы. Сондай-ақ таңқурай да (малина) көп мөлшерде С дәруменін, марганец пен талшықты қамтиды, – деп толықтырды Волкова.
Бұдан бөлек, диетолог көру қабілетіне пайдалы қаражидек (черника) пен көкжидекті (голубика), сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер ететін қара жүзім сорттарын рационыңызға қосуды ұсынды.
Пайдалы жидектер қатарына ол ас қорытуға көмектесетін қарлығанды да (крыжовник), сондай-ақ калий мен магнийге бай қарбыз бен қауынды енгізді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады