6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБокстан Олимпиада ойындарының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев жаңа қызметке тағайындалады. Бұл туралы Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтия Артаев өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірде боксты дамытуға барынша бет бұрамыз. Өздеріңіз белгілі, жуырда 81 келі салмақ дәрежесінде Азамат Бектас ел чемпионы атанды. Бұл жетістікті одан әрі жандандыруымыз қажет. “Тарлан” бокс кешенін мемлекеттің балансына алуды жоспарлаудамыз. Егерде бұл жұмысымыз ойдағыдай аяқталса, Сыр өңірінің мақтанышы Қамшыбек Қоңқабаевты жұмысқа қабылдап, жұмысты одан әрі жандандырамыз. Сонымен қатар, Тұрсынбай Құлахмет секілді жас мамандарды да шәкірт тәрбиелеу жұмысына тартып жатырмыз, - деді басқарма басшысы.
Айта кетейік, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жылдың басында спорттағы мансабын аяқтағаны туралы айтылды. 91 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан боксшы мансабында Токио олимпиадасының қола, екі дүркін ӘЧ күміс (2017, 2019), үш рет Азия чемпионатының күміс (2017, 2019, 2021) жүлдегері атанды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі