Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ерекше іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сотта күйеуі үйлену тойын өткізу кезінде достары мен туыстары жұбайына 5 млн теңге және 1 млн теңге тұратын гауһарлы әшекейлер (сырға мен сақина) мен неке жүзігін бергенін айтқан. Ол осы мүліктер мен ақша қайта бөлінуі керек деп шағымданып отыр.
Күйеуі әйелінің бұл ақша мен зергерлік бұйымдарды заңсыз иемденді деп уәж келтірген. Жауапкер талапты мойындамаған.
Сот іс материалдарын зерделеп, тараптарды тыңдап, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Себебі, істі қарау барысында сыйға берілген 5 млн теңгені алу фактісі құжатпен расталмаған, сондай-ақ аталған қаражатты жауапкердің иемденіп алғаны дәлелденбеді. Зергерлік бұйымдарға келетін болсақ, ол қалыңдыққа некеге дейін берілген, сондықтан бұл оның жеке меншігі, сол себепті ол бөлісуге жатпайды, – делінген сот хабарламасында.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?