Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қалқан-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы 15 тамызға дейін жалғасады. Оның штабы Өскемен қаласында орналасқан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-жаттығуға құтқарушылар, орталық және жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтер, радиациялық химиялық қауіпті объектілердің өкілдері, ІІМ Ұлттық ұланының, Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінің әскери қызметшілері, Атом энергиясы агенттігінің, Ядролық физика институтының, Ұлттық ядролық орталығының өкілдері қатысуда.
ТЖМ мәліметінше, мақсат – азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің радиациялық және химиялық аварияларынан туындаған төтенше жағдайларды жоюға дайындық деңгейін арттыру.
Алғашқы күні оқу-жаттығулардың ашылуы және облыстың ірі өнеркәсіптік объектілерінде радиациялық және химиялық авариялар нәтижесінде шартты төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-қимылдар пысықталатын бірінші кезең өтті. Мұндай объектілерде жұмыс істейтіндердің саны көп және объект персоналын, халықты және аумақты химиялық жұқтыру қаупі бар.
Айта кетсек, «Қалқан-2025» барысында алынған практикалық дағдылар авариялардың жағымсыз салдарын барынша азайтуға мүмкіндік беретін дайындық пен іс-қимыл алгоритмін жетілдіруге негіз болады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?