"Қалған өмірін түрмеде өткізгенін қаламаймын". Арыстанбек Мұхамедиұлы маңызды мәлімдеме жасады

1 Қаңтар, 19:36 5791

Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталып жатқан өзге төрт азаматқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазір "Алтын адам көрмесі" мен "Дипломат" қонақүйіне қатысты істер біріктіріліп, жаңаша айыптау актісімен қаралуда.

Айыпталушылардың қатарында экс-министрден бөлек, Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Алмас Нұразхан, Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова бар. Олар бұған дейін "Алтын адамның" әлем мұражайларындағы көрмесі бойынша 7 жылға сотталған-ды.

Үкімі шығып қойған істің қазір "Дипломат" қонақүйіне қатысты іспен неге біріктірілгені барлығына беймәлім. Айыпталушылар істің мән-жайын біліп-тануға уақыт аз деп шағымдануда. Сондай-ақ бүгін осы сот отырысын өткізуге тиіс судьяның қандай себеппен ауысқаны белгісіз.

Қазір сот болып жатыр. Отырған жігіттердің ешқайсының кінәсі жоқ. Ешқандай қылмыс, ешқандай ізі де жоқ. Былайша айтқанда, ешқандай фактісі де жоқ. Бәріне "Мұхамедиұлына сыйлық апарып бердіңдер" деп айтыңдар деген. Барлығы "ондай болған жоқ" деп. Оларда намыс бар. "Айтпасаңдар, отырғызамыз" деді, – дейді айыпталушы Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, сегіз жылға бас бостандығынан айырылған экс-шенеунік Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір қылмыстық бап бойынша жауапқа тартылып жатыр. Оның сот залында "аштық жариялаймын" деп қорқытқаны туралы жазған едік.

Перизат Саденова
Бөлісу: