20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚалдықтар өңдейтін кәсіпорындарды қолдау шаралары қарастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін қалдықтарды басқару процестерін орталықтандыруға, барлық мүдделі тараптарды тартуға, циклдік экономика моделін құруға бағытталған қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
Өнеркәсіп және Энергетика министрліктеріне өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарды қолдау мен ынталандырудың нақты шараларын әзірлеу тапсырылды. Бұл көмір химиясы, құрылыс материалдарын жасау, жерде сирек кездесетін металдарды алу салаларында жаңа өндірістер құруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Экология, Энергетика министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, екі апта мерзімде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласындағы жобалар тізбесін анықтауы қажет. Әлеуетті инвесторлар тарту үшін сәуір айында аукцион ұйымдастыруы керек.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?