Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда жол-қозғалысы ережесін бұзуды автоматты түрде анықтайтын бақылау жүйелерінің желісі кеңейіп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха хабарлады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, қалаларда автоматты түрде бақылау жасайтын 25 мыңнан астам камера орнатылған. Олар ЖҚЕ-ні бұзу деректерінің 70%-дан астамын тіркейді. Қала сыртындағы трассаларда патруль жасайтын автокөліктер автоматты тіркеу кешендерімен жабдықталуда.
Сонымен қатар, Көлік министрлігімен бірлесіп республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықтың сақталуына автоматты түрде бақылау енгізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырып жатымыз, — деді Игорь Лепеха.
Орташа жылдамдықты бақылау шараларымен жалпы ұзындығы 1,9 мың шақырым болатын 8 автомобиль жолы қамтылған, нәтижесінде ЖКО-да қаза тапқандар саны 11%-ға азайды. Жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асатын тағы 10 учаскеге орташа жылдамдықты бақылау енгізу жоспарлануда.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары