12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматыда алғаш рет ұйымдастырылған кәсіби суретшілер арасындағы «Ажарлы Алматы» республикалық байқауы қорытындыланды. Байқау қала әкімдігінің қолдауымен өтті.
Өтінім 7 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында қабылданып, осы кезеңде еліміздің әр өңірінен 168 жұмыс келіп түсті. Бірінші іріктеу нәтижесінде 109 жұмыс екінші кезеңге өтті. Байқаудың жалпы жүлде қоры 10,5 млн теңге болды.
16 қыркүйекте Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Алматы Галереясында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтіп, байқаудың қорытынды көрмесі ашылды.
Бұл байқау Алматы қаласының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының бастамасы және тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды. Алматы әрдайым мәдениет пен өнердің орталығы болып келді. Қаламыздың сұлулығын, өзіндік келбеті мен тыныс-тіршілігін шығармаларына арқау етіп, бар шеберлігін көрсеткен суретшілерге алғыс айтамын. Баршаңызды Қала күнімен құттықтаймын! – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.
Байқауға Қазақстанның әр өңірінен кәсіби суретшілер қатысты. Жұмыстарды суретшілер, өнертанушылар, мәдениет саласының мамандары, музейлер мен галерея өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. Бағалау кезінде орындау техникасы, туындының көркемдік құндылығы, идеяның бірегейлігі, мазмұны мен композициясы ескерілді.
Бірінші орын мен бас жүлде «Алматы – қиял әлемі» жұмысының авторы Нұрболат Асқарға берілді.
Екінші орынды «Ару қала» жұмысын ұсынған Нұрлан Қилыбаев пен «Бабье лето» туындысының авторы Максим Ведерников бөлісті.
Үшінші орын «После дождя, вечерний город» жұмысымен Жалғас Тілеуқабылға және «Алматының ақ таңы» туындысымен Құмар Омарханға бұйырды.
Тағы бес суретші алғыс хаттармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Олар: Қанат Шүкірбеков, Дәуренбек Бекназаров, Светлана Цой, Ақбота Әмірова және Мұхтар Бегенов.
Қорытынды көрмені Алматы Галереясынан 23 қыркүйекке дейін көруге болады. Мекенжайы: Достық даңғылы, 44.
Сонымен қатар 19-20 қыркүйекте байқаудың үздік жұмыстары Қала күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында Абай алаңында көпшілік назарына ұсынылады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер