22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыКонституция күнімен тұспа-тұс келген қала күні мерекесінде Өскемен әкімі Жақсылық Омар ел алдында ән шырқады. Бұл сәттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбаны белгілі әнші Сәкен Майғазиев желі парақшасында жариялады.
Шаһар басшысы саябаққа жиналған жұтршылық алдында "МузАРТ" тобының "Сен келерсің" әнін караокеде шырқайды. Әкімнің әні көптің көңілінен шықса керек, демалушылар вальс билеп, қала басшысына қошемет көрсетеді.
Видеоны көрген желі қолданушылары Өскемен әкімін қызу талқылап жатыр. Олардың бірі Жақсылық Омарды халқына жақын басшы деп бағаласа, енді бірі шенеунікке үнемі халыққа жақын болып жүруге кеңес берді.
"Нағыз әнші болатын адам екен", "Жақсылық Омар расымен де халыққа жақын болды. Қарапайымдылығымен халықтың көңілінен шыға білді", "Заманауи әкім", "Сегіз қырлы, бір сырлы", "Тек мерекеде емес, үнемі осылай халыққа жақын болыңыз", "Ең мықты, жан-жақты әкім", "Халыққа жақындығы тек ән айтумен бағаланбайды" деп жазды желі қолданушылары.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев