Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАлматы қаласының туған күні аясында Мемлекеттік академиялық қуыршақ театры 91-маусымның шымылдығын салнататты түрде ашты.
Мерекелік кеш барысында театр ардагерлеріне, ұжым қызметкерлеріне, театр саласының белгілі тұлғаларына құрмет көрсетіліп, мерейтойлық төсбелгілер табысталды. Кештің басты жаңалығы – режиссер Абдолла Қарсақбаевтың көркем фильмі негізінде сахналанған «Алты жасар Алпамыс» спектаклінің премьерасы болды.
Маусымашарға театр саласының ардагерлері, өнер қайраткерлері, театртанушылар, сыншылар және шығармашылық-техникалық ұжым мүшелері қатысты. Қуыршақ жасаушы шеберлердің, тігіншілердің, суретшілердің және техникалық қызметкерлердің еңбегі де ерекше аталып өтті.
Кеш барысында театр өнеріне үлес қосқан актерлерге, режиссерлерге, ардагерлерге, театртанушыларға және қызметкерлерге мерейтойлық төсбелгілер табысталды. Марапаттау рәсіміне Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұлов, театр директоры Алмат Амангелді және көркемдік жетекші Кубанычбек Адылов қатысты.
Жаңа маусымның алғашқы премьерасы – «Алты жасар Алпамыс» спектаклі режиссер Абдолла Қарсақбаевтың әйгілі көркем фильмі негізінде қойылған. Спектакль мектепке баруды аңсаған, білімге құштар Алпамыстың оқиғасы арқылы ізденімпаздық, мақсатшылдық, мейірімділік сияқты құндылықтарды дәріптейді. Туынды ересек көрермендерді балалық шағына жетелесе, балаларға таныс кейіпкерді қуыршақ театрының заманауи тілімен ұсынады.
91-маусымның Премьералар апталығы 16 қыркүйекте қазақ халық ертегілерінің желісімен сахналанған «Жақсылық пен Жамандық» спектаклімен жалғасады. 17 қыркүйекте қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үндейтін «Taza.kz», ал 18 қыркүйекте Алматының тарихы мен табиғатын арқау еткен «Алматының алмасы» спектакльдері ұсынылады.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды