13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз10 қазаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Qajymuqan» фильмі көрсетілімін бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, фильм режиссері Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, тақырыпты 10 жылдан астам уақыт зерттеген. Түсірілімі 2020 жылы басталған фильм алдағы айда көрерменге жол тартады.
Туынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
Қажымұқан Мұңайтпасов – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, - делінген мәліметте.
Режиссердің айтуынша, Қажымұқан өзінің мықтылығын өз заманының ең жақсы балуандарын жеңіп дәлелдеген. Ол – Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айресте және Чикагода қошеметке бөленген алғашқы қазақ спортшысы.
Фильмнің мақсаты – Қажымұқанның өмірімен өскелең ұрпақты таныстыру, оның жетістіктерін ұлықтау және үлгі алу.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды