Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстандық режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды фильмі «QAITADAN» үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокатта көш бастады. Фильм – кино өндірісіне жұмсалған мемлекет қаражатынан бес есе артық табыс тапқан алғашқы жоба, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, көрермен көзайымына айналған «QAITADAN» киносының оқиға желісі, визуалы ерекше әсер қалдырады.
Бұл фильм – көркем шығарма ғана емес, шынайы сезімге негізделген, терең драмалық мазмұндағы туынды. Кино астарында қауіпсіздік, жауапкершілік пен бірлік идеясы бар, әрі жастарды достыққа, бауырмалдыққа жетелейді. Әр диалог – бүгінгі қоғамға ой салады. Фильмде отбасы институты дәріптеліп, әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік қағидаттары көрініс табады, - делінген мәліметте.
«QAITADAN» – қазақ киносының жаңа белеске көтерілгенін айғақтайтын фильм. 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанған бұл жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген болатын.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидың айтуынша бүгінде Қазақстанның киноиндустриясы қарқынды дамып келеді. Бұл ұлттық контентті ілгерілетуге, тұрақты қолдау жүйесін қалыптастыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында жас режиссерлер мен дебюттік жобалардың алдында жаңа перспективалар ашылды. «QAITADAN» – осының айқын дәлелі.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік