23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада «QAITADAN» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Туынды – режиссер Думан Еркімбектің алғашқы толықметражды жұмысы. Бұл – Қазақстанда апат туралы түсірілген тұңғыш көркем фильм, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, картинада өзімшіл қала баласы Рауанның оқиғасы баяндалады. Маңызды спорттық жарыс алдында ата-анасының қалауымен ауылға келген ол уақыт тұзағына тап болады. Оның өміріндегі оқиғалар қайталана береді. Тығырықтан шығуға тырысқан Рауан жойқын апатқа куә болып, өмірге деген көзқарасы түбегейлі өзгереді.
Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов фильм терең ойға жетелейтін философиялық оқиға екенін атап өтті. Туындыда ұрпақтар арасындағы сабақтастық, қателік пен кешірім секілді маңызды тақырыптар қозғалатынын тілге тиек етті. Бұл жоба 2023 жылы питчингте жеңіске жетіп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асты.
Айта кетейік, соңғы алты жыл ішінде орталықтың қолдауымен 118 отандық фильм түсірілген. Қазақстандық туындылар 280-нен астам халықаралық фестивальге қатысып, 157 жүлдеге ие болды. Бұл нәтиже ұлттық киноның қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.
«QAITADAN» фильмі қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетіліп, қалың көрерменге жол тартады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік