6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың бастамасымен Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Әркен Өтенов, «Самұрық-Қазына» АҚ Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанаділ және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Аманбаев қатысты.
Кездесу барысында өңірлік даму саясаты жан-жақты талқыланды. ҰЭМ басшысы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары туралы толық ақпарат берді және ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын ұсынды.
Ашық, белсенді және қызу талқылау барысында қатысушылар өңірлік даму тәсілдері мен стандарттарын жоспарлау, көрсеткіштерді айқындау және міндеттерді белгілеу бойынша пікір алмасты.
Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, әр ауылдың экономикалық ерекшелігін айқындау, шекаралас аймақтарды және ауылдық жерлерде туризмді дамыту бойынша ұсыныстар айтылды. Бюджетті ұлғайту, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды ынталандыру арқылы ауылдық әкімдіктерге көбірек еркіндік беру туралы да сөз қозғалды. Бұдан басқа, әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аудару қажет екендігі атап өтілді.
Өз кезегінде министр қатысушыларға іс-шара барысында белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіріп, ПЖКР мүшелеріне кездесуде көтерілген ұсынымдарды министрлікке жолдап, тұжырымдама жобасын пысықтау жұмысына қатысуға шақырды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі