Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы Астанада 5 жасар баланың бетін пышақпен тіліп тастаған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың айтуынша, психологиялық ауытқуы бар, есепте тұрған науқастарды бақылау мәселесін қайта көтеру керек.
Бетін тілгілеп тастады деген ақпаратты оқыдым. Мән-жайды толық зерттемедім. Бұл шынымен де өте сұмдық жағдай. Жапа шеккен баланың өміріне, денсаулығына, онан соң бетіндегі тыртықтар өмір бақи қалатын болса психологиясына кері әсер ететінін анық. Сондықтан біз қоғамды барынша қауіпсыз қылуымыз керек. Психологиялық диспансерде тіркеуде тұрған адамдарды арнайы қағазбен үйіне жіберіп жатады. Кешегі жағдайдан соң психологиялық ауытқуы бар адамдарды үйіне жіберу мәселесін қайта қозғау керек екенін көрсетіп бергендей. Күдікті баланың ата-анасы заң тұрғысынан тиісті жазасын алады деген ойдамын. Жапа шеккен бала шошып қалмай, ауыр соққы алмай, жазылып, қатарға қайта қосылады деп үміттенемін, - дейді Нартай Аралбайұлы.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үйлердің бірінің жеделсатысында жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы видео тарады. Астана қалалық Полиция департаменті растады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары