Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПсихолог Бенедикт Пичард демалыстың ең тиімді формасын атады, ол жылына бір рет ұзақ демалғаннан гөрі, жиірек әрі қысқаша демалуды ұсынады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
La Razon испан басылымына берген сұхбатында Пичард бір жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеп, ұзақ демалысқа шығу тиімді тәсіл еместігін алға тартты.
Демалыс күндерін жыл бойына теңдей бөліп жоспарлаған дұрыс. Бұл шаршаудың жиналуын болдырмай, тұрақты жақсы көңіл күйді сақтауға көмектеседі, - дейді маман.
Психологтың айтуынша, демалыс мерзімі 8 күннен кем болмауы және 11 күннен аспауы тиіс.
Пичардтың түсіндіруінше, адамның миы жұмыс режиміне оңай бейімделуі үшін күнделікті тәртіп ұзақ уақытқа бұзылмағаны дұрыс. Алайда демалыс күндерінің саны ғана емес, сапасы да маңызды. Сондықтан ол демалыс кезінде жұмыстан толықтай алшақтап, жаңа әсер алуға баса мән беруге кеңес береді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі