6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚұқық қорғаушы және заңгер Айгүл Орынбек Шымкенттегі психоневрологиялық диспансерде орын алған зорлау оқиғасына қатысты тергеу барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Адвокаттың айтуынша, 17 жастағы жәбірленушінің мүддесін қорғау барысында іс сотқа жолданып, тергеу жалғасуда. Қазіргі таңда бұл іске қатысты екі күдікті – диспансерде санитар болып жұмыс істеген қызметкерлер анықталған.
Сараптама нәтижелері олардың ақыл-есі дұрыс екенін және өз әрекеттерін түсінуге қабілетті екенін көрсеткен. Алайда, тергеу барысында жәбірленуші тергеушілер тарапынан қысым көргенін мәлімдеген. Заңгердің айтуынша, қыз олардың көмегіне жүгінбей тұрып, тергеушілер оның анасын жүктілікті тоқтатуға көндірген, нәтижесінде түсік жасалған. Бұл жағдай істің күрделене түсуіне себеп болып, әкелікті анықтау мүмкіндігін жойған.
Айгүл Орынбек мұның қылмысқа қатысты дәлелдерді жою әрекеті болуы мүмкін деген алаңдаушылығын білдірді. Адвокаттың айтуынша, аборт жасалғаннан кейін жәбірленушінің анасына даму сатысындағы ұрықты көрсеткен, ол адам кейпінде қалыптасқан. Заңгер тергеушілердің ұрықтан ең болмағанда ДНҚ сараптамасы үшін қажетті үлгілерді алмағанына назар аударды.
Бүгінгі таңда Шымкент соты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы («Зорлау») бойынша қылмыстық істі жабық отырыста қарастыруда.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі