Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жарияладыҚадағалау қызметі барысында қалалық прокуратура коммерциялық компаниялардың бірін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен заңсыз алып тастауды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала прокуратурасы ақпаратты заңсыз жою фактісіне қатысты ҚК-нің 206-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеп, дереу шара қабылдады.
ҰҚК-нің Астана қаласы бойынша Департаменті жүргізген тергеу барысында автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қызметтік қолжетімділікті пайдалана отырып, серіктестікті аталған тізілімнен заңсыз алып тастаған "Электрондық қаржы орталығы" АҚ-ның (бұдан әрі-ЭҚО) бас маманы анықталды. Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы коммерциялық компанияның директоры екені белгілі болды, ол делдал арқылы «ЭҚО» АҚ-ның бас маманына көрсетілген қызмет үшін 10 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берген.
Тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?