Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПрезиденттің кезектен тыс сайлауында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева да өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары дауыс беруге бұл жолы түстен кейін келді.
Өзім ұдайы таңертең келетінмін. Учаскеде кезек болады. Сондықтан бүгін халықпен жағаласпай, кезек басылғанда келейін деп шештім, – деді ол.
Аида Балаева ел болашағына немқұрайлы қарамайтындар қатарында екенін айтты.
Біздің болашағымыз тікелей мемлекет басшысына, оның саясатына байланысты. Сондықтан өзінің болашағына немқұрайлы қарамайтын адамдар белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Мен де солардың қатарындамын, – деді Балаева.
Ол сондай-ақ ел үшін бастысы тұрақты даму екенін атады. Сондай-ақ сайланатын президенттің бағыты, бағдары жүзеге асады деп күтетінін жеткізді.
Күтіп қана қоймай, оған атсалысамыз. Өйткені барлығы тек президентке ғана байланысты емес, барлық қазақстандықтарға байланысты. Сондықтан жауапкершілікті сезініп, алдымен сайлауға келу керек, - деді Балаева.
Айта кетейік, Балаева Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде тіркелген. Аталған учаскеде таңертеңнен бері ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев дауыс берді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды