Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы атқарған жұмысының қорытындысы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Президенттің бір жылдағы жұмыс қорытындысын БОРТ N1 telegram-арнасы жариялады. Ондағы дерекке сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 68 заңға қол қойған. Сондай-ақ 422 жарлыққа, 137 өкімге, 4508 қызметтік хат-хабарға, 594 жеке және заңды тұлғаның жолданымына қатысты тиісті шешімдерге қол қойыпты.
Жыл басынан бері Мемлекет басшысы ел ішіне және шет елге жұмыс сапары аясында 147 390 шақырым қашықтыққа ұшыпты. Яғни 238 сағат 55 минут уақыт ұшақта болған. Ел аймақтарына 16 рет барған. 14 елге 25 мәрте сапар шекті.
Сонымен қатар 59 жиналыс пен кеңеске, 31 халықаралық деңгейдегі шараға қатысты. 298 рет қабылдау мен кездесу өткізген.
19 елдің мемлекет басшысымен кездесіп, келіссөз жүргізген. Президент осы жылы 60 жеделхат жолдаған. 59 рет телефон арқылы сөйлесіп, 30 мемлекеттің Төтенше және Өкілетті елшісінен сенім грамоталарын қабылдады. 7 рет үндеу мен мәлімдеме жасап, 1 мәрте жария түрде конституциялық заңдарға қол қойыпты.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек