Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПрезиденттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды, деп хабарлайды El.kz.
Ол желтоқсаншылардың ерлігінің арқасында бүгінде барша қазақстандықтардың ұлттық қадір-қасиеті мен құндылықтарын сақтай отырып, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанын атап өтті.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болғанына 31 жыл болды. Ол үшін талай қиындықты басынан өткерген халқымыз үшін Тәуелсіздік – ең асыл қазына. Тәуелсіздік – біздің орындалған арманымыз, бұл ең алдымен қазақ халқының азаттыққа ұмтылған ерлігінің жемісі», – деді кандидат.
Еске салайық, Салтанат Тұрсынбекова Алматыда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтармен, зияткерлік меншікті қорғау тақырыбын қозғап қалалық құқық қорғаушылармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен, сондай-ақ «Родник» дағдарыс орталығының басшысымен түрлі кездесулер өткізді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі