15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыПрезиденттікке үміткер Мейрам Қажыкен дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кандидат өз таңдауын жасау үшін Астанадағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №113 сайлау учаскесіне сағат 11.04-те келді.
Ол дауыс беруге жұбайымен және қызымен бірге келді.
Мейрам Қажыкеннің кандидатурасын «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі ұсынған болатын.Үміткер бастаған топ Қостанай, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте сайлаушылармен кездесулер өткізген болатын.
"Халқымыз, еліміз өзгерістерді күтіп отыр. Сондықтан жаңа президент кім болса да, кешікпей тез арада өзгерістерді бастауы керек. Алдағы жылда нақты өзгерістер болуы керек. Президент өзінің айтқан уәдесінде тұруы керек. Жылына кем дегенде төрт мезгіл халықтың алдында есеп беруі керек", деді президентікке үміткер Мейрам Қажыкен.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады