13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Елімізде 20 қараша күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына үміткер «Қазақстан Фермерлер Одағы» қауымдастығының президенті Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығы саласына басым бағыт беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.
«Мен ауыл шаруашылығымен айналысатын азамат ретінде, осы салаға басым бағыт беретін боламын. Оның ішінде аңшылық қауіпсіздікгі мәселесін шешу, ауылдың инфрақұрылмын жөндеу жұмыстарын қолға алу керек деп есептеймін», - деді ол.
Сондай-ақ «Қазақстан Фермерлер Одағы» қауымдастығының президентінің айтуынша, олар ауыл шаруашылығына ғана емес қарапайым халықтың тұрмысын жақсартуды да басты мақсат ретінде айқындап отыр.
«Біздің негізгі мақсатымыз – әрбір қазақстандықтың бай-қуатты, жақсы өмір сүруіне жағдай жасау. Бұл біздің басты бағыт-бағдарымыз болмақ», - деді ол.
Президенттікке үміткер болған Жигули Дайрабаев сайлауалды платформаны әзірлейміз деп отыр.
«Алдағы уақытта өзіміздің негізгі бағыт-бағдарымыздың платформасын дайындаймыз. Мен «Ауыл» партиясының саяси кеңес мүшелерімен ақылдасатын боламын. Сондықтан біздің алдымызда атқарылатын жұмыстар көп», - деді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды