Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіОрталық сайлау комиссиясының жұмысы кеш түсе қыза түсті. Комиссия орталығында Президенттікке үміткер үшінші әйел кандидат құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды El.kz.
Үміткердің есімі – Фатима Бизақова. Тараз қаласының тумасы. Жеке кәсіпкер.
Кандидаттыққа «Тәжірибелі Психология» республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылып отыр. Жеке кәсіпкердің негізгі мақсаты – елге біліктілігі мен білімін қолдана отырып үлес қосу.
«Тәуелсіздік алған уақытта неге өзіміздің елімізге деген бір үлесімізді қоспасқа. Жеке кәсіпте болған адам көбірек халықтың мұң-мұқтажын біледі. Қиындықтың бәрін көрдік. Оның шешу жолдарын білеміз. Сондықтан да, еліміздің саяси додасына кез келген адам қоғамдық бірлестіктердің атынан қатыса алады. Қоғамдағы ең басты мәселем – халықты кедейліктен алып шығу», - деді.
Комиссия мүшелері үміткердің құжаттарын қабылдап алды. Заңға сәйкестігі екі күннің бірінде айтылатын болды.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік