30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚР президенттігіне үміткер Астана қоғамдық кеңесінің мүшесі, мәслихат депутаты Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының құжаттарды қабылдау жөніндегі комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырды:
1. «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамаларынан үзінді көшірменің түпнұсқасы;
2. Үміткердің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері;
6. Мемлекеттік және сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі туралы құжаттар;
7. Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттың өмірбаяндық деректері.
Құжаттарды қабылдау комиссиясының мүшелері әр құжатты жеке-жеке қарап шығып, олар бойынша ешқандай сауалдары жоқ екенін жеткізді.
Үміткер Қарақат Әбденге ұсынған құжаттардың қабылданғаны туралы акт берілді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды