30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОрталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтеді, деп хабарлайды El.kz.
Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады.
Бірінші раунд – «Сайлауалды бағдарламаның таныстырылымы». Онда қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады.
Екінші раундта «Пікірсайыс сессиясы» өтеді. Онда әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.
Үшінші раунд - «Сайлаушылардың сұрақтары». 2022 жылдың 10 қарашасына дейін «Хабар» Агенттігінде «Үміткерге сұрақ қой!» айдарымен сайлаушылардан видеосұрақтар қабылданды. Яғни азаматтарға кез келген кандидатқа өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді. Олар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын сұрақ жазып, оны debaty-2022@khabar.kz электрондық поштасына жолдады.
Сайлаушылардан келген сұрақтар ішінен әрбір кандидатқа кездейсоқ бір сұрақтан қойылады. Эфирде қойылмаған видеосұрақтар кандидаттардың штабтарына жауап беру үшін жіберіледі.
Төртінші раунд «Сайлаушыларға үндеу» деп аталады. Онда қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеулерін жасайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды