Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталды

21 Қазан 2022, 18:54 1682

Сайлауға 6 үміткер қатысады. Олар кімдер?

21 қазан сағат 18.00-де Қазақстанда президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталып, сағат 18:01-ден бастап үгіт насихат науқаны басталды. 18 қарашаға дейін кандидаттар бағдарламасын таныстырады. 19 қарашада үгіт насихат жұмысы аяқталып, тыныштық күні болады. 20 қарашада сайлау өтеді. 

Жалпы Орталық сайлау комиссиясы 6 кандидатты тіркелді. 

1) Бірнеше саяси партия мен қоғамдық бірлестіктің қолдауына ие болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

2) «Ауыл партиясы» атынан Қазақстан фермерлер одағының президенті, агроном ғалым Жигули Дайрабаев.

3) «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығының атынан ұсынылған Мейрам Қажыкен.

4) Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан ұсынылған Президент жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден.

5) «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Президент жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Салтанат Тұрсынбекова.

6) Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ұсынылған астаналық филиалдың жетекшісі, оппозиция өкілі Нұрлан Әуесбаев.


Бөлісу: