30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыПрезиденттікке кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары басталды, деп хабарлайды El.kz
Үміткер штабтың жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстырды. Негізгі күшті әділдік пен әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге, балаларды, әйелдерді, қарттарды және мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау мен қолдаудың тиімді және нақты тетігін құруға бағыттамақ.
"Штабтың жұмысы басталып кетті. Мұнда 10 адам жұмыс істейді. 20 өңірде штабымыз құрылды. Ешқандай кедергі жоқ. Қызметкерлер таңнан кешке дейін жұмыстардың бәрін жоспарлап, ретімен өткізетін болады", — деді Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова.
Сондай-ақ, үміткер кесте бойынша өңірлерге шығып, жұмыс жүргізетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, ОСК-ның кезекті 19 отырысында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» РҚБ атынан президенттікке ұсынылған Салтанат Тұрсынбекова ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген болатын. Кандидат 18 өңірден 119316 дауыс жинады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды