29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПрезидент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемлекет басшысына Агенттіктің былтыр атқарған жұмыстары мен оның тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.
Президентке мемлекеттік қызметке кіру ісіндегі артық кедергілерді жою, одан шығу тәртібін жеңілдету үшін жүргізілген жұмыстар туралы мәлімет берілді. Дархан Жазықбаевтың айтуынша, мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыру мақсатында «Е-қызмет» жүйесі жаңғыртылды және оның базасында биыл 1 наурыздан бастап жаңа іріктеу жүйесі пилоттық жоба ретінде іске қосылады.
Агенттік төрағасы бюрократиялық кедергілерді азайтуға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін талдау нәтижелері туралы да баяндады. Дархан Жазықбаев Агенттікті толыққанды HR-институтқа айналдыру жөніндегі жоспарлы шараларға арнайы тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа салалық кадрлардың мемлекеттік аппаратқа қажеттігін ескере отырып, Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өткізуге дайындық жұмыстарының басталғаны жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ өңірлік жастар кадр резервтерін құру жоспарда бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттың сервистік моделін қалыптастыру және мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек