13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызІс-шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Аналар кеңесінің, Ғылыми-сараптамалық тобының, Қарағанды облысы ҚХА жастар Үйлестіруші кеңестерінің мүшелері, саяси партиялар облыстық филиалдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыста «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінің негізгі ережелері талқыланды.
Мемлекет басшысының бастамалары әр отбасына жаңа тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін, жалақысы төмен жалдамалы жұмысшылар үшін салық ауыртпалығын азайту, жоғары білім берудің қолжетімділігі мен сапасын және студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсарту, микрокредиттерді беруді кеңейту, сондай-ақ елді мекендерді газдандыру мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды.
Үндеуде айтылған келелі мәселелер талқылаған алқалы басқосуда сөз алған Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Е.Құсайын: «Ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы мемлекетіміздің әрбір азаматының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын нығайтуға мүмкіндік береді, өйткені бұл сала Тәуелсіз Қазақстанның конфессияаралық келісімі мен бірлігін одан әрі күшейте түсуге негіз қалайтын іргелі қабат болып табылады» - деп атап өтті.
Сонымен қатар, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Д.Касапиди: «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы бұл - өмірлік маңызы бар салаларды жаңғыртудағы ипотекалық несие беруге қолайлы жағдай жасау, жоғарғы оқу орындарындағы гранттар санын көбейту және азаматтардың салық ауыртпалығын жеңілдетуді қамтамасыз ететін жаңа қадамдар», - деп тілге тиек етті.
Іс-шараға қатысушылар «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі жөнінде өз пікірлерін ортаға салып, тұрғындардың әлеуетін жақсартуға бағытталған келешегі кемел бастаманы бірауыздан қолдады.
Еске сала кетейік, 5 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жариялаған болатын.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды