23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын халыққа түсіндіру мақсатында Ақтөбе облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты ісапармен барды.
5 мамырда Мәжіліс депутаты Сауытбек Әбдірахманов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге Хромтау ауданына барды, ал түстен кейін халық қалаулылары Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры ғимаратында ақтөбеліктермен кездесті. Делегация құрамында Сергей Симонов, Дания Есбаева, Мұхтар Ерман, Асылбек Смағұлов және Құралай Қаракен бар.
Сауытбек Әбдірахманов сапарларының негізгі мақсаты – Ұлттық идея мен жер заңнамасына енгізілген өзгерістерді халыққа түсіндіру екендігін айтты.
«Еліміз үшін ең маңыздысы тұрақтылық, жалпыұлттық бірлік, татулық пен келісім секілді жетістіктерімізді сақтау», - дейді Мәжіліс депутаты.
Жиынға қатысушылар жер заңнамасына енгізілген өзгертулер туралы, нақтырақ айтар болсақ, жерді шетелдік азаматтарға жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартуды қарастыратын нормаға байланысты алаңдаушылықтарын білдірді. Пікір білдірушілерді тыңдаған Бердібек Сапарбаев Елбасының ҚР Жер кодексіне енгізілген түзетулерге моратории жариялау жөнінде шешім қабылдағанын хабарлады.
«Дәл қазір өзгертулер енгізілген 4 нормаға қатысты мораторий қою туралы шешім қабылдағанын жария етті. Нұрсұлтан Әбішұлы Үкімет пен Парламентке бұл мәселені зерттеп, халыққа түсіндіріп, шешімін табуды, сосын барып қана мораторийді шешуді тапсырды», - деді облыс басшысы.
Жиналған халық бұл шешімді қызу қолдады. Қала тұрғыны Нығметбай Ермаханов облыс басшылығы тарапынан соңғы күндері халық арасында жүргізілген түсіндіру жұмыстары үшін Бердібек Сапарбаевқа алғысын жеткізді.
«Министрліктің шешімі үлкен бір қоғамдық қозғалыс туғызғаны белгілі. Сіздердің қатысуларыңызбен облысымызда жүргізіле бастаған түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ғана көпшілік мәселенің мәнісін тереңдеп түсіне бастады. Біз Елбасының заңнамаға жасалған түзетулерге моратории қою туралы шешімін толықтай қолдаймыз. Бұл ең дұрыс шешім болатын», - дейді ол.
Айта кетейік, облыста осы мәселеге қатысты халықпен 47 кездесу ұйымдастырылып, оған 4 мыңнан астам адам қатысты.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады