Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты А. атты айыпталушыға үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот отырысы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 29-бабына сәйкес жабық өтті.
Үкімге сенсек, А. кінәлі деп танылған және оған мынадай жаза тағайындалған:
- мемлекетке сатқындық жасағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру
- бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Еуразия экономикалық одағының шекарасынан қару алып өткені үшін 9 жылға бас бостандығынан айыру
- бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, атыс қаруын, жарылғыш затты заңсыз сатып алып, тасымалдағаны, сақтағаны үшін 7 жылға соттау
- бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, оқ-дәрі, жарылғыш зат дайындағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру
- Қазақстан Президентіне өшігіп, оның өміріне қастандық жасауға дайындалғаны үшін 10 жылға соттау
- терроризм актісіне дайындық жасағаны үшін 10 жыл
- құқық қорғау, арнайы меморган қызметкерлері мен әскерилердің өміріне қастандық жасауға бел буғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру
- шағын және аса ірі көлемде есірткі сатып алып, сақтағаны үшін 5 жылға соттау.
Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөліміне сай оған жалпы жиыны 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол осы уақытты қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өткізеді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік