Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Жиында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспардың жобасы, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру мәселелері талқыланды.
Ерлан Қарин кеңес мүшелері Кешенді жоспар жобасына терең талдау жүргізіп, басқа мемлекеттердің тәжірибесін зерделегенін, соның негізінде нашақорлықпен күрестің жүйелі әрі заманауи тәсілдері ұсынылғанын атап өтті.
Мемлекеттік кеңесші іс-шараларды жүзеге асыратын ведомстволардың жауапкершілігі дұрыс бөлінбегеніне назар аударды.
Іс жүзінде Кешенді жоспар жобасындағы тармақтардың жартысына жуығы (110-ның 52-сі) Ішкі істер министрлігіне жүктелген, ал қалғанын өзге мемлекеттік органдар (Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі және т.б.) атқарады. Алайда Кешенді жоспар жобасының қазіргі нұсқасында нәтижеге бағдарланған көрсеткіштердің барлығы күштік құрылымдардың жұмысымен тікелей байланысты. Нашақорлықпен тек Ішкі істер министрлігі күресуге міндетті емес. Бұл – ортақ жұмыс, ортақ жауапкершілік. Сондықтан әлеуметтік блокқа жауапты министрліктер өз тараптарынан нашақорлыққа қарсы тиімді күрес шараларын қосуы керек. Сонда ғана біз ескірткі бизнесіне қарсы күрес пен наркотизмнің алдын алу тәсілдерін теңдестіреміз, - деді Ерлан Қарин.
Өз кезегінде кеңес мүшелері нашақорлыққа қарсы күресте құқық қорғау жұмыстарымен бірге профилактикалық және салауатты өмір салтын дәріптеу шаралары да қатар жүруге тиіс екенін құптады. Аталған жұмыс мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы жүйелі түрде жүзеге асырылуы керек.
Сонымен қатар кеңестің бірқатар мүшесі жастарды жұмыспен қамту және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мәселелеріне қатысты өз ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Жиын қорытындысы бойынша Ерлан Қарин мүдделі мемлекеттік органдарға Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын мұқият зерделеп, одан әрі пысықтауды тапсырды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?