Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМемлекет басшысы «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы аясында Жамбыл облысындағы ауыл кітапханаларына кітап сыйлады. Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев кітапхана басшыларына Президенттің тартуын табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент мемлекет және қоғам қайраткері Алма Оразбаеваның - 126 жылдығына орай Т.Рысқұлов ауданы Луговой станциясына, қазақтан шыққан тұңғыш әйел дипломат Балжан Бөлтірікованың – 103 жылдығы аясында Қордай ауданы Әлжан Ана ауылына және композитор Сыдық Мұхамеджановтың – 100 жылдық мерейтойына орай Меркі ауданы Ойтал ауылына сый кітаптар жіберді. Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай ақын, сатирик Шона Смаханұлының –100 жылдық мерейтойы аясында Талас ауданы Ойық ауылына және журналист, жазушы Қарауылбек Қазиевтің – 85 жылдығына орай Шу ауданы Көктөбе ауылына кітаптар жолдады.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, аталған 5 ауылдық кітапханаға қазақ әдебиетінің үздік туындылары, танымдық-ағартушылық еңбектер, балалар әдебиеті, сұранысқа ие авторлардың шығармалары топтастырылған 100 кітаптан сыйға тартылды.
Айта кетейік, акция шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары