Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКлимат жөніндегі дүниежүзілік саммитте сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдететін ең жылдам тәсілді атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Метан қалдықтарын азайту – жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдететін ең жылдам тәсіл. Сондықтан Қазақстанның Метан қалдықтарын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылуға шешім қабылдағанын зор қуанышпен мәлімдеймін. Сонымен қатар біздің аймақтағы елдердің көмірге қатысты түйткілді проблемалары бар. Осы мәселені шешу мақсатында Қазақстан өңірде бірінші болып Әділетті энергетикалық жүйеге көшу жөніндегі серіктестік бағдарламасын (JETP) іске асыруға ұмтылыс жасап отыр. Аталған екі бастама табысты орындалуы үшін достарымыз бен серіктестерімізді қолдау көрсетуге шақырамыз, - деді Президент.
Сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың климат бағытындағы бағдарламаларға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуға қатысты өз міндеттемелерін күшейтетініне сенім білдірді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?