29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБАҚ өкілдері референдумда дауыс беруге келген Қасым-Жомарт Тоқаевтан халықаралық додаларда жеңіске жеткен жастарды үнемі қолдап жүретінін атап өтіп, оның мәнін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәні терең. Себебі мен жастарды қолдаймын. Мұны үнемі айтып келемін. Мемлекетіміздің келешегі – жастардың қолында. Ол жай ұран емес. Бұл – біздің басты саясатымыз. Сондықтан келешекте де біз жастарды қолдаймыз. Оларға жәрдем береміз. Әсіресе, дарынды жастарды қолдауымыз керек. Кеше ғана мұғалімдерге, ұстаздарға марапат табыстадым. Өз сөзімде мұғалімдер бұл қоғамымыздың озық тұлғалары екенін айттым. Олар дарынды жастарға білім беріп жатыр. Сондықтан жастарды да, оларды оқытып жатқан мұғалімдерді де мемлекет қолдайды. Сонымен қатар мен кеше ғана ұстаздар қоғамымыздың басты кейіпкері болуы керек екенін айттым. Сондықтан оларға жәрдем беріп, ұстаздардың беделін, қоғамдағы мәртебесін көтереміз, – деді президент.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек