20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы академик, белгілі түркітанушы Қаржаубай Сартқожаұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті тарихшы, этнограф ғалым, шығыстанушы, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қаржаубай Сартқожаұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.
Қаржаубай Сартқожаұлы бар саналы ғұмырын түркі дүниесінің тарихын түгендеуге, ұлт руханиятының көкжиегін кеңейтуге арнаған зерделі ғалым болды. Ғылымға шын берілген қарапайым болмысымен бітіктас білгірі атанды. Іргелі еңбектер жазып, ұлағатты ұрпақ тәрбиеледі. Қарымды қаламгер ретінде оқырман қауымға ойлы шығармалар ұсынды. Соңына рухани мол мұра қалдырған Қаржаубай Сартқожаұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?