12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМемлекет басшысы Үкіметке «Торғай – Ырғыз» және батыс бағыттағы өзге де автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президент Үкіметке «Торғай - Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды, - деп жазды Руслан Желдібай.
Қостанай облысында бүгінде стратегиялық маңызы бар «Орталық – Батыс» автожолы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары маусым айында бірден екі жерде басталған: бірі – Арқалық қаласында, екіншісі – Жанкелді ауданының Торғай ауылында. Жалпы жоба ұзындығы 865 шақырымды құрайды. Ол «Астана – Жантеке – Егіндікөл – Арқалық – Торғай – Ырғыз» бағытын қамтиды. Жаңа дәліз елдің орталығы мен батысын тікелей байланыстырып қана қоймай, Транскаспий халықаралық көлік бағытына да жол ашады.
Жобаның жүзеге асуының нәтижесінде Астана мен Ырғыз арасындағы қашықтық 573 шақырымға қысқарады. Бұл ел ішіндегі жүк тасымалы мен жолаушылар қатынасына зор серпін бермек.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер