7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында көлік дәліздерін дамыту, транзиттік тасымалды жеңілдету және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін көтерді. Мемлекет басшысы Астанада ТМД елдерінің жасанды интеллект мамандары бас қосатын форум өткізуді де ұсынды.
Президенттің айтуынша, көлік байланысын дамыту және транзиттік әлеуетті арттыру ТМД елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болуға тиіс.
Бұл ретте Қазақстан үшін «Солтүстік – Оңтүстік», «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» және Транскаспий халықаралық көлік дәліздерінің маңызы ерекше. Мемлекет басшысы осы бағыттарды өзара байланыстыру құрлық арқылы жүк тасымалдаудың тиімділігін арттыратынын атап өтті.
Қазақстан үшін Солтүстік – Оңтүстік, Батыс Қытай – Батыс Еуропа дәліздері, сондай-ақ Транскаспий бағыты басты күре жолдар саналады. Оларды бір-бірімен үйлесімді ұштастыра білсек, құрлық арқылы жүк тасымалының тиімділігі айтарлықтай артады. ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағы арқылы өтетін басты көлік жолдарын ұштастыру тұжырымдамасы осы мақсатқа қызмет етпек. Аталған құжат биыл мамыр айында еліміздің бастамасымен қабылданған еді, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның аталған бастаманы іске асыру үшін нақты жобаларды қолға алғанын жеткізді. Соның бірі – биыл тамызда құрылысы басталған Арал – Каспий магистралі.
Ұзындығы 1,5 мың шақырымнан асатын бұл жол пайдалануға берілгеннен кейін Қытайдан Еуропаға дейінгі автокөлік бағыты шамамен мың шақырымға қысқарады. Ал транзиттік жүктерді жеткізу уақыты үш тәулікке дейін азаяды деп күтілуде.
Президент көлік инфрақұрылымын дамыту тек жаңа жол салумен шектелмеуі керектігін де айтты. Оның сөзінше, жүк тасымалын цифрландыру, электронды құжат айналымына көшу және шекарадағы рәсімдерді біріздендіру айрықша маңызды.
Бұл ретте «Жұмсақ инфрақұрылым», яғни жүк тасымалын цифрландыру, электронды құжат айналымы және шекарадағы рәсімдердің үйлесімділігі зор рөл атқарады. Басты мақсат – «Бірыңғай цифрлық дәліз» қалыптастыру. Біздің ұсынысымыз бойынша Өзбекстанмен және Қырғызстанмен рұқсат құжаттарын электронды форматта алмасу жолға қойылды. Ресей және Беларусь елдерімен де дәл осындай жұмыс жүргізіліп жатыр, – деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалында жаңа технологиялар қолданыла бастағанына тоқталды. Оның айтуынша, биыл мамыр айында екі ел бірлесіп, жүргізушісіз жүк көліктері арқылы алғашқы трансшекаралық тасымалды ұйымдастырған.
Президент мұндай тәжірибені ТМД кеңістігінде кеңінен қолдану қажет деп есептейді.
Жасанды интеллект саласында тәжірибе алмасу ұсынылды
Отырыста цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, алдағы жылдары жаңа технологияларды игеру және отандық әзірлемелерді енгізу елдердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналады.
Осыған байланысты Президент ТМД аясында жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты жүйелі жолға қоюды ұсынды.
Атап айтқанда, жасанды интеллектіні дамыту стратегиялары, заңнамалық реттеу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша тұрақты тәжірибе алмасу тетігін қалыптастыру қажет. Бұл жұмысқа ғылыми орталықтар, жоғары оқу орындары, технологиялық компаниялар мен стартаптар қатыса алады.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы келесі жылдың бірінші тоқсанында Астанада ТМД елдерінің жасанды интеллект саласындағы мамандарына арналған арнайы форум өткізуді ұсынды.
Президент көтерген бастамалар көлік дәліздерін өзара байланыстырумен қатар, жүк тасымалындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға және ТМД елдерінің жаңа технологиялар саласындағы ынтымақтастығын күшейтуге бағытталған.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?