18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Мемлекет басшысы TikTok компаниясының бас директоры Чжоу Шоуцзымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Президент елімізде TikTok платформасының танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті. Қазір оған 10 миллионнан астам қазақстандық тіркелген. Бейнеконтент жасауға және қарауға арналған әлемге танымал сервис алғашқылардың бірі болып қосымша интерфейсін қазақ тіліне аударды. Сондай-ақ кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша уәкілін тағайындады.
Өз кезегінде Чжоу Шоуцзы Astana Hub халықаралық технопаркімен бірлесіп, TikTok StartUp Academy жобасын – қазақстандық стартаптарға арналған эксклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны туралы баяндады. Бұдан бөлек, серіктестік аясында TikTok Startup Valley байқауы өткізілді. Нәтижесінде 200-ден астам стартап өз өнімдерін TikTok арқылы жарнамалау әдістерін үйрету курсынан өтті.
Кездесу барысында креативті индустрия саласындағы ынтымақтастық, жасанды интеллект бойынша зерттеу жүргізу, электронды сауданы дамыту, сондай-ақ TikTok платформасы арқылы Қазақстанның мәдениеті мен туристік мүмкіндіктерін жаһандық деңгейде насихаттау мәселелері қарастырылды.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр