23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді1 қыркүйектен бастап жаңа Silk Way Cinema халықаралық телеарнасы іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Телерадиокешенінің мәліметінге, телеарна қазақ және орыс тілдерінде тәулік бойы хабар таратады, арна сигналы оннан астам таяу шет елдерге қолжетімді болады. Жаңа спутниктік арнаның командасы танымдық және білім беру бағдарламаларын, деректі және музыкалық жобаларды, телехикаяларды эфирге шығармақ.
Сонымен бірге, Silk Way Cinema эфирінде республикалық телеарналар мен «Қазақфильм» киностудиясының фильмдік контенті де көрсетіледі.
Silk Way Cinema өзін жағымды көңіл-күй көзі ретінде танытады, жаңа телеарна аудиториясына тек қана қазақстандық контент ұсынылады. ҚР Президенті Телерадиокешенінің жаңа медиа-ресурсы отандық креативті индустрияның үлгісі болуды, көрші мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуды, сондай-ақ түрлі елдердегі қазақ диаспорасы өкілдеріне сапалы контент ұсынуды жоспарлап отыр, - деп жазылған Президент Телерадиокешенінің хабарламасында.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады