Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев World Dog Show 2025 дүниежүзілік көрмесіне қатысып, халықаралық аренада лайықты бағасын алған қазақы тазыны ұлттық бренд, мәдениетіміздің ажырамас бөлшегі ретінде халықаралық деңгейде толық таныту ортақ міндет екеніне назар аударды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Президент кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында жазды.
Атап айтқанда, тазы тұқымын дамыту және бірегей қасиеттерін сақтау, жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, халықаралық көрмелерге тұрақты қатысу сияқты бағыттардан тұратын бұл іске Қазақстан кинологтар одағымен қатар мемлекеттік органдар да белсенді атсалысуға тиіс.
Президент Іс басқармасы, Экология және табиғи ресурстар, Ғылым және жоғары білім, Ауыл шаруашылығы, Сыртқы істер министрліктері және басқа да құзырлы органдар, сондай-ақ жергілікті әкімдіктер бірлескен жүйелі жоспар аясында тиісті ұйымдастыру шараларын қолға алуы керек.
Қасым-Жомарт Тоқаев төбет тұқымын да ерекше қамқорлыққа алып, мемлекеттік органдардың қолдауымен дәл осы ауқымда жұмыс атқару міндетін жүктеді. Аталған мәселе Президент Әкімшілігінің ұдайы бақылауында болады,-деп жазды Руслан Желдібай.
Бұған дейін Президент Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтаған болатын.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады