27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізедіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесу барысында Балқаштың туристік әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz.
«Жаз маусымында Балқашқа қатынайтын әуе рейстерінің билеттерін субсидиялау мәселесін пысықтаған жөн. Қаланың әуе айлағы ел әуежайларын дамыту бағдарламасына енгізілуі керек», - деді Президент.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қалаға қатынайтын жаңа әуе және теміржол маршруттарын ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
«Осындай кешенді шаралардың арқасында ғана Балқаш ішкі туризмге, ал келешекте халықаралық туризм үшін тартымды орынға айналады.
Үкіметке облыс әкімдігімен бірлесіп осы мәселелерді пысықтауды және қаланы дамытудың кешенді жоспары аясында тиісті іс шараларды көздеуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба жүзеге асырылып жатқанын еске салды.
«Әкімдік Үкіметпен бірлесіп, осы жоба аясында басқа да шағын қалаларда іргелі бастамаларды қолға алуы керек.
Экономиканы әртараптандыру ісінде Балқаш өзгелерге үлгі бола алады. Мұнда ірі өнеркәсіп орындарымен қатар туризм саласын өркендетуге зор мүмкіндік бар», - деді Мемлекет басшысы.
27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы