Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсМемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент әкімшілігі Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысынан кейін Үкіметпен бірлесіп, мемлекет басшысының бастамаларын тиімді жүзеге асыру жолдарын пысықтады. Соның нәтижесінде бүгін президент тапсырламаларын орындауға арналған жоспар қабылданды. Құжаттың көлемі ауқымды, 40 тармақтан тұрады. Онда түрлі іс-шаралар көзделген, - деп жазды Ерлан Қарин.
Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің кешенді жоспары қабылданатынын айтты.
Жоспарға сәйкес 10 заң (есірткі өндіргені үшін жауапкершілікті қатаңдату, лудоманияға қарсы күресу, тарихи нысандарды қорғау, археология саласы, ономастикаға қатысты жұмыс, мемлекеттік наградалар туралы және басқалары) әзірленіп қабылданады. Сондай-ақ заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары және басқа да бағдарламалық құжаттар қабылданбақ. Бір сөзбен айтсақ, президенттің Атырауда көтерген бастамалары құзырлы мемлекеттік органдардың ұзақ мерзімге арналған жұмысына арқау болып отыр, - дейді Мемлекеттік кеңесші.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды