30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысына әлеуметтік даму, еңбек қатынастары салаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары жөнінде баяндалды.
Негізгі көрсеткіштер:
биылғы 1 мамырға дейін 157,8 мың адамды еңбекпен қамту шаралары жүргізілген;
143,2 мың азамат жұмысқа орналастырылған;
жыл басынан бері 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
жүйелі жұмыстың нәтижесінде өндірістік жарақат алу көрсеткіші биылғы І тоқсанда 17 пайызға төмендеді;
өлімге әкеп соғатын қайғылы оқиғалар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5 пайызға азайды;
кәсіптік тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу, сондай-ақ еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерінің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр.
Цифрландыру:
министр әлеуметтік-экономикалық орнықтылық пен осал отбасыны бағалауға арналған скорингті моделді қолдану тұжырымдамасын ұсынды. Бұл жобаны енгізу қаражатты шын мұқтаж жандардың пайдасына қайта бөлуге және қолдау шараларының нақты иесіне жетуіне мүмкіндік береді.
Президент тапсырмасы:
әлеуметтік саясатты одан әрі жетілдіру;
атаулы көмектің тиімділігін арттыру;
жұмыспен қамту шараларын кеңейту;
еңбек және әлеуметтік салаларды цифрландыру.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды